Todayinfo.kz
AQORDAБарлық жазбаларды қарау

Тоқаев Қытай халқын жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай күнтізбесінің Жаңа жылы – Чуньцзе мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. – Мызғымас достық пен тиімді ықпалдастыққа негізделген сан қырлы қарым-қатынасымыздың тың қарқынмен дамып келе жатқаны қуантады. Осы иг

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Тоқаев Қытай халқын жаңа жыл мерекесімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай күнтізбесінің Жаңа жылы – Чуньцзе мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
– Мызғымас достық пен тиімді ықпалдастыққа негізделген сан қырлы қарым-қатынасымыздың тың қарқынмен дамып келе жатқаны қуантады. Осы игі іске Сіздің қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын. Қазіргідей құбылмалы кезеңде өзара қолдау көрсетіп, халықаралық деңгейде үйлесімді әрекет ете отырып, ортақ мүдделерімізді қорғаудың, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызы зор. Бұл бағыттағы Сіздің берік ұстанымыңызды толық құптаймын, – деп жазылған жеделхатта.
Президент ҚХР Төрағасының жаһандық бастамаларына сәттілік, ал Қытай халқына бақ-береке тіледі.

Ұқсас материалдар

Тоқаев Қытай халқын жаңа жыл мерекесімен құттықтады · Todayinfo