Todayinfo.kz
AQORDAБарлық жазбаларды қарау

Тоқаев денсаулық сақтау мен білімге бөлінген қаражатты жымқырғандарды жазаға тартуды тапсырды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау мен білімге бөлінген қаражатты жымқырғандарды жазаға тартуды тапсырды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Президент айтуынша, салалық министрлердің көз алдында бұрын-соңды болмаған

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Тоқаев денсаулық сақтау мен білімге бөлінген қаражатты жымқырғандарды жазаға тартуды тапсырды
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау мен білімге бөлінген қаражатты жымқырғандарды жазаға тартуды тапсырды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Президент айтуынша, салалық министрлердің көз алдында бұрын-соңды болмаған ауқымдағы алаяқтық істер жасалғаны таңғалдырады.
- Денсаулық сақтау саласында жеке-жеке жұмыс істейтін 30-дан астам ақпараттық жүйе бар. Аталған жүйелерді бір-біріне толыққанды байланыстыруды бұған дейін қанша талап етсек те, сол күйі жасалмады. Бюджет қаржысын жымқырудың басты себептерінің бірі – осы. Салалық министрлердің көз алдында бұрын-соңды болмаған ауқымдағы алаяқтық істер жасалғаны таңғалдырады. Оның үстіне бұл әлеуметтік салада орын алып жатыр. Бас прокуратура мен басқа да өкілетті органдар қылмыстың қашан жасалғанына, оны кімдердің жасырғанына қарамастан, істі егжей-тегжейлі тексеріп, ақиқатты анықтауға міндетті. Тергеу процесін өз бақылауымда ұстаймын, – деді Президент.
Тоқаев Үкіметке 1 желтоқсанға дейін Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйесін құру жұмысын аяқтауды тапсырды.

Ұқсас материалдар

Тоқаев денсаулық сақтау мен білімге бөлінген қаражатты жымқырғандарды жазаға тартуды тапсырды · Todayinfo