Тимур Құлыбаевтың мұнай-газ бизнесіндегі компаниясы миллиардтаған шығынға ұшырады
2025 жылдың алғашқы алты айында «Кристалл менеджмент» компаниясының қаржылық нәтижесі минусқа кетті, деп хабарлайды todayinfo.kz Есеп бойынша, ұйымның шығыны 1,8 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп (2024 ж. — шамамен 894 млн теңге). Деген

2025 жылдың алғашқы алты айында «Кристалл менеджмент» компаниясының қаржылық нәтижесі минусқа кетті, деп хабарлайды todayinfo.kz
Есеп бойынша, ұйымның шығыны 1,8 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп (2024 ж. — шамамен 894 млн теңге).
Дегенмен, табыс көлемі артқан: биылғы жартыжылдықта компания 7,6 млрд теңге кіріс тапқан (бір жыл бұрын — 5,3 млрд теңге). Активтерінің жалпы құны 60 млрд теңгеге бағалануда.
Компания көмірсутектерді барлау құқығына ие және бұл жұмыстарды Ұлытау, Ақтөбе мен Қызылорда облыстарында жүргізеді.
Бақылау үлесінің 51%-ы Joint Resources арқылы белгілі кәсіпкер Тимур Құлыбаевқа тиесілі. Forbes дерегіне сәйкес, оның жеке капиталы шамамен 5,8 млрд долларды құрайды.
Фото: ҰОК
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
За клевету в Instagram жителю Актюбинской области назначили штраф в 545 тысяч тенге
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Ақтөбе университетінде педагогтерге арналған ғылыми жоба өз жұмысын бастады
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Тоқалдар дауы: Болат Назарбаевтан қалған байлыққа оның заңсыз туған балалары да таласа бастады
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Игі дәстүр: Президент медицина қызметкерлерін Ақордада құттықтады
Айғаным Нариманова·