TikTok-тағы Наурыз: қазақстандықтар мереке аптасында 40 мыңнан астам бейнеролик жариялады
Биыл TikTok Наурыз мерекесін Қазақстан қауымдастығымен бірге төртінші жыл қатарынан кең көлемде атап өтті. Платформа «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ және Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің қолдауымен TikTok LIVE тікелей эфирлер фестивалін іске қосты. Танымал стримерлер мен креатор

Биыл TikTok Наурыз мерекесін Қазақстан қауымдастығымен бірге төртінші жыл қатарынан кең көлемде атап өтті. Платформа «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ және Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің қолдауымен TikTok LIVE тікелей эфирлер фестивалін іске қосты. Танымал стримерлер мен креаторлар еліміздің әр өңіріндегі іс-шаралар мен халықтық серуендер атмосферасын тікелей эфирде бөлісті. Дайындық пен мерекенің алғашқы аптасында пайдаланушылар #наурыз хэштегімен 40 мыңнан астам бейнеролик жариялады. Платформа Қазақстандағы ең жарқын мерекелік контентке шолу жасады.
Бейнероликтерді қарау мен жасауға арналған TikTokжетекші платформасы бүгінде Қазақстанда Наурызды атап өтудің ажырамас бөлігіне айналды. Пайдаланушылар сүйікті мерекесіне арналған контентті белсенді түрде бөлісуде: #наурыз, #novruz, #наурызмейрамы хэштегтермен 300 мыңға жуық бейнеролик жарияланған. Жарияланымдарда қазақстандықтар мерекені қалай қарсы алатынын көрсетеді – ұлттық әуендерге би билеп, дәстүрлі тағамдарды әзірлейді және халықтық серуен кезіндегі әсерлі сәттерімен бөліседі. Биыл дайындық пен мерекенің қызған шағында тақырыптық контент көлемі Қазақстанда бес еседен аса өсті.
Наурызға деген қызығушылық дәстүрлі түрде атап өтетін аймақтардан тыс жерлерге де таралуда: Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия, Ирландия сияқты елдерде де осындай контент жасау қарқыны артты.
Мереке халықаралық контенттің бір бөлігіне айналып, түрлі ел пайдаланушылары қысқа видеолар арқылы мәдениет пен дәстүрлермен танысуда. Мысалы, тегі қазақстандық Францияда тұрғыны @dalya.nomad өз бейнеролигінде Орталық Азия елдерінің ұлттық тағамдары туралы айтады. Лондондық креатор@zhilabeauty аудиториясын Наурыз мерекесімен құттықтап, шуақты көктемнің келуін бейнелейтін образдыжинақтады. Манчестерде тұратын күрд ұлтынан шыққан @cakeshak бұл көне мерекенің парсылардан бастау алатын қасиетті мәні туралы айтып, отбасымен бірге өздерінің ұлттық тағамдарынан құралған дәстүрлі тағамдар әзірледі.
Қазақстан цифрлық кеңістігінде Наурыздың қалай өтетінінкөрсету үшін біз TikTok пайдаланушыларының ең жарқын бейнероликтерін топтастырдық.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·