Фото: Видеодан кадр Жетісу облысында елге баюдың жолдарын үйретіп жүрген коуч-тренер сотқа тартылды. Б. С есімді әйел әр курсын сатып, баюдың жолдарын үйреткен. Ал қарапайым тұрғындар «Қалай бай өмір сүру керек?», «Тендерге қатысып миллион тап» деген жарнамаға сеніп, миллиондап а
Фото: Видеодан кадр
Жетісу облысында елге баюдың жолдарын үйретіп жүрген коуч-тренер сотқа тартылды. Б. С есімді әйел әр курсын сатып, баюдың жолдарын үйреткен. Ал қарапайым тұрғындар «Қалай бай өмір сүру керек?», «Тендерге қатысып миллион тап» деген жарнамаға сеніп, миллиондап ақша аударған, деп хабарлайды
Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Алайда курсқа қатысып, молынан қаражат аударған адамдар коуч-тренердің өздерін алдағанын бірақ білген.
«Мұндай курстар әрдайым үмітті ақтамай, өз нәтижесін бере бермей, көбінесе қазақстандықтар курстың сауатсыз және сапасыз оқуына кездесуде. Мұндай жағдайға Жетісу облысының, сондай-ақ Алматы, Қостанай облыстарының және Астана қаласының тұрғындары Талдықорған қаласындағы "Я" жеке кәсіпкеріне 20-ға жуық тұтынушы тап болған», - деп хабарлады ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Жетісу облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті.
Коуч-тренерлікті кәсіпке айналдырған әйел қол қойылған келісім-шарттарды жіберуге уәде бергенмен, қызмет көрсету туралы шарт жасамай, жауапкершіліктен жалтарған. Ал онсызда ақшаға тарығып, баюдың жолын іздегендер жарты миллиондап ақша аударып отырған. Төлемді қабылдаған кезде фискалдық чектер бермеген, ал аударым нөмірлері кезекті төлем кезінде жаңаларын көрсеткен.
«Бұл салық заңнамасының бұзған, әртүрлі ұйымдардың әртүрлі мөрлермен курстан өткені туралы күмәнді сертификаттар берген Осы істі зерделеу барысында сапасыз қызмет алған адамдар саны 8-ден 18 тұтынушыға дейін ұлғайып, залал сомасы 6 593 000 теңгені құрады. Бұдан әрі Департамент тарапынан Талдықорған қаласының сотына оннан астам тұтынушының заңды мүдделеріне қатысты талап арыз жіберілді», - делінген хабарламада.
Сот процестері кезінде коуч-тренер сотталып кетпес үшін үш тұтынушыға 850 мың теңге сомасында толық көлемде ақшалай қаражат қайтарған. Қалған екі адам 450 мың теңге мөлшерінде ақша сомасын ішінара алған.
«Талдықорған қалалық сотының шешімімен Департаменттің талап арызы толық қанағаттандырылды. 18 тұтынушының құқығы қорғалды, соммасы 6 миллион теңге. 3 тұтынушыға толыққанды сот барысында қайтарды. Қалған 15-іне сот шешімімен тұтынушылар пайдасына 6 миллион теңге өндіру туралы Талдықорған қалалық сотының судьясы Ш. Диханбайдың шешімі шықты», -деді Департаменттің бас маманы.