Алдын ала қойылған диагноз – төменгі жақ сүйегінің сынуы. Өкінішке қарай, ол жақын матчтарға қатыса алмайды. Қосымша мәлімет әзірге жоқ, – деді "Қайрат" ФК-ның медиа-офицері Арман Жақсығұлов.Айта кетейік, Темірлан Анарбеков жарақатты ел біріншілігінің 23-турындағы "Ақтөбеге" қарсы ойында алды. Кездесудің 10-минутында айып добын орындау кезінде ол қонақтардың қорғаушысы Уче Агбомен соқтығысып, ойынды жалғастыра алмады. Футболшыны алаңнан зембілмен алып кетті. Еске сала кетейік, "Қайрат" қақпашысы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі тарихи "Селтикпен" болған матчтан кейін танымал болды. Ол кезде Анарбеков үш пенальтиді қайтарып, алматылықтарға турнирдің топтық кезеңіне шығуына көмектескен еді. 18 қыркүйекте "Қайрат" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы қонақтағы матчын Лиссабонның "Спортингіне" қарсы өткізеді және 30 қыркүйекте өз алаңында "Реал Мадридті" қабылдайды.
Темірлан Анарбеков «Реал Мадридке» қарсы матчта ойнамайтын болды
Фото: ФК "Кайрат" Алматылық "Қайрат" футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков төменгі жақ сүйегін сындырып алып, енді ол алдағы ойындарға қатыса алмайды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Алдын ала қойылған диагноз – төменгі жақ сүйегінің сынуы. Өкінішке қарай, о

Фото: ФК "Кайрат"
Алматылық "Қайрат" футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков төменгі жақ сүйегін сындырып алып, енді ол алдағы ойындарға қатыса алмайды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ұқсас материалдар

Спорт
36,4 млн теңге табыс: Бибісара Асаубаева Норвегиядағы додада топ жарды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Қордайда жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Александр Винокуров Рим Папасына Қазақстан велоспорт құрамасының жейдесін сыйға тартты
Айғаным Нариманова·

Спорт
«Текстің мәтіні бірдей»: журналист Спорт министрлігін Олимпиада чемпионына қарсы блогерлерді жалдағанын айтып, сынады
Айғаным Нариманова·