Суицид, атылып қалу: соңғы төрт жылда 310 сарбаз әскерде көз жұмған
2020 жылдан бері әскерде қаза тапқан сарбаздардың саны 310 адамға жеткен, деп хабарлайды Atameken business арнасына сілтеме жасаған Todayinfo. Қорғаныс министрлігі бейбіт күнде қынадай қырылып жатқан жас жігіттердің өліміне түрлі себептерді атайды: ауру-сырқау, суицид, жол-

2020 жылдан бері әскерде қаза тапқан сарбаздардың саны 310 адамға жеткен, деп хабарлайды Atameken business арнасына сілтеме жасаған Todayinfo.
Қорғаныс министрлігі бейбіт күнде қынадай қырылып жатқан жас жігіттердің өліміне түрлі себептерді атайды: ауру-сырқау, суицид, жол-көлік оқиғасы, тағы басқалар.
Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғандардың өлімі жылдан-жылға артып келе жатқанын айта кеткен жөн. Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев былтыр 2020 жыл мен 2023 жыл аралығында армияда 270 сарбаздың бақилық болғанын мәлімдеген еді.
Төрт жылда 310 сарбаздан айырылсақ, жылына 77 жас жігіт қыршынынан қиылады деген сөз, олай болса аптасына бір сарбаз жан тапсырады деп топшылауға болады.
Кеше ғана Маңғыстау облысында қатардағы жауынгер Марат Барқұлов кісі қолынан қаза тапты. Оны Оймаша полигонында гвардия лейтенанты тапаншамен атып салған. Жалғыз ұлынан айырылған әке кінәлі адамның әділ жазалануын шырылдап сұрап, құзіретті органдарға видеоөтініш жолдады.
Ұқсас материалдар

Өзгекті жазбалар
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·