Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Соққы жеген Иран, қыспақта қалған Үндістан: Қытайдың Тян жин қаласында ШЫҰ саммиті басталды

Фото: Ақорда Бүгін, 2025 жылғы 1 қыркүйекте Қытайдың Тян жин  қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті өз жұмысын бастады. Биылғы саммит «Шанхай рухын ілгерілету: ШЫҰ іс-әрекетте» тақырыбымен өтуде, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Саммитке 20-дан астам

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Соққы жеген Иран, қыспақта қалған Үндістан: Қытайдың Тян жин қаласында ШЫҰ саммиті басталды
Фото: Ақорда
Бүгін, 2025 жылғы 1 қыркүйекте Қытайдың Тян жин  қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті өз жұмысын бастады. Биылғы саммит «Шанхай рухын ілгерілету: ШЫҰ іс-әрекетте» тақырыбымен өтуде, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Саммитке 20-дан астам елдің басшылары қатысуда. Олардың қатарында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди (ол саммитке жеті жыл үзілістен кейін алғаш рет қатысып отыр) және Иран Президенті Масуд Пезешкиан бар. Айта кетейік,Қасым-Жомарт Тоқаев саммиттің жалпы отырысында Беларусь, Үндістан және Иран басшыларынан кейін төртінші болып сөз сөйлейді. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ШЫҰ саммитіне қатысушы елдердің делегация басшылары құрметіне ұйымдастырылған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысу үшін Тян жиндегі "Мэйцзян" конференц-орталығына барғанын жазғанбыз.

Ұқсас материалдар

Соққы жеген Иран, қыспақта қалған Үндістан: Қытайдың Тян жин қаласында ШЫҰ саммиті басталды · Todayinfo