Синтетикалық есірткі өндірген: Шымкентте ҰҚК шетелдіктерді ұстады
Шымкентте Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) прокуратура органдарымен бірлесе жүргізген операция барысында синтетикалық есірткі өндіргені үшін екі шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Ұсталғандар тамыз айында кезекті есірткі партиясын жасап

Шымкентте Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) прокуратура органдарымен бірлесе жүргізген операция барысында синтетикалық есірткі өндіргені үшін екі шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Ұсталғандар тамыз айында кезекті есірткі партиясын жасап жатқан кезде қолға түсті.
КНБ мәліметінше, күдіктілердің үстінен 4 килограммға жуық психотроптық зат, 50 литр прекурсорлар (есірткі өндіруге қажетті химиялық заттар), шетел валютасындағы қомақты қаржы және синтетикалық есірткі өндіруге арналған зертханалық құрал-жабдықтар тәркіленді.
Ұсталған шетелдіктер сот санкциясымен қамауға алынды, ал қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс туралы қосымша ақпарат Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жариялануға жатпайды.
Бұл синтетикалық есірткі өндірушілерді ұстау бойынша жалғыз оқиға емес. Бұған дейін Алматыда Алатау ауданында пәтерінде есірткі өндіріп, оны бөлшектеп сатумен айналысқан ерлі-зайыптылар арнайы операция барысында ұсталған болатын.
Ұқсас материалдар

Қоғам
Маңғыстауда 12 жастағы бала ауладағы әткеншекте көз жұмды
Айдар Керім·

Қоғам
Перизат Қайрат пен Бишімбаевқа рақымшылық жасала ма? – ІІМ ресми жауап берді
Айғаным Нариманова·

Қоғам
Ата-ана соңғы қоңырау күні қыздарына сыйлаған гүлін несиеге алған – Жарқынбек Амантайұлы
Айдар Керім·

Қоғам
Маңғыстау облысы: ауладан баланың мәйіті табылды
Айдар Керім·