«Куә ретінде жауап алынбас бұрын Нұрбековаға өз құқықтары түсіндірілді. Жалған ақпарат берген жағдайда қылмыстық жауапқа тартылатыны да ескертілді. Алайда оқиғадан кейін Нұрбекова сотталушылармен бірге көлікте отырғаны бейнежазбадан көрініп тұр. Ол әңгімеге белсенді қатысып, өз пікірін білдірген. Ешкім оған қысым көрсетпеген. Сондықтан оның әрекетінде ҚР Қылмыстық кодексінің 421-бабы 2-тармағына сәйкес — сотқа көрінеу жалған ақпарат беру, сондай-ақ 434-бапқа сәйкес — ауыр қылмыс туралы хабарламау белгілері бар деп есептейміз», – деді адвокат Шекеев.Мейірман Шекеев сонымен қатар, екінші куәгер — Дана Жақсыгелдіні де ҚР ҚК 434-бабы бойынша жауапқа тарту туралы қаулы шығаруды сұрады. Мемлекеттік айыптаушылар бұл мәселеге қатысты жарыссөз кезеңінде өз пікірлерін білдіретінін жеткізді.
Шерзат Полаттың сотында екі куәгер қызды күдікті деп тану ұсынылды
Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев сотта куәгер ретінде жауап берген Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіні оқиғаны жасырып, хабарламағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсынысын Алматы облысының прокурорына

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев сотта куәгер ретінде жауап берген Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіні оқиғаны жасырып, хабарламағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсынысын Алматы облысының прокурорына жолдады, деп хабарлайды Todayinfo
Адвокаттың айтуынша, Эльмира Нұрбекова сотта қазақ тілін жетік білсе де, орыс тілінде жауап берген. Ал тергеу барысында және оқиға орнында түсірілген бейнематериалдар оның қазақша еркін сөйлейтінін айғақтайды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Қазақмыс кәсіпорындарында аумақты абаттандыру жұмысы жүргізілді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Инвестиции в образование: проект Ustaz Ulytau объединяет 85 школ регионов присутствия «Казахмыса»
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Білімге салынған инвестиция: Ustaz Ulytau жобасы Қазақмысқа қатысы бар өңірлердегі 85 мектепті біріктірді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Алматыда дүкен қызметкерімен жанжалдасқан әйелге айыппұл салынды
Жаннұр Еділбаева·