“Олимпиада чемпионына 125 миллион беру орнына, сол ақшаның бір бөлігін кейбір спорт түрлерін дамытуға жұмсауға болады. Ал Шайдоровтың өзінде қаражат жеткілікті. Қосымша ақша қажет емес. Оның үйінің алдына асфальт төсеп қойсаң, жас спортшыларға көмек көрсетсең, қаражат дұрыс жетсе, бәрі жақсы болады. Мен тек қарапайым нәрселерді сұрап отырмын. Бірақ Қазақстанда оларды орындау қиын. Тіпті Шайдоровтың әкесі де соңғы рет ақша оларға жетпегенін айтты. Сондықтан бұл жетістік жүйенің емес, Михаилдың және сол сәтте бірге болған адамдардың жеке еңбегінің жемісі”, – деді Дидар Қадыров Sreda YouTube арнасына берген сұхбатында.Айта кетейік, Михаил Шайдоров 32 жылдан кейін Қазақстанға қысқы Олимпиада ойындарынан алтын жүлде сыйлады. Бұған дейін 1994 жылғы Олимпиадада шаңғыдан Владимир Смирнов алтын медаль жеңіп алған еді.
“Шайдоровтың жүлдесі үшін берілетін қаражатты спортқа жұмсау қажет” — Спорт журналисі Дидар Қадыров
Миланда өткен қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан бір ғана алтын жүлдені місе тұтты. Аталмыш жүлдені ел қоржынына мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров салды. Осы жеңісі үшін чемпионға мемлекет оған 250 мың доллорлық сыйақы тағайындаған. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық п

Миланда өткен қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан бір ғана алтын жүлдені місе тұтты. Аталмыш жүлдені ел қоржынына мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров салды. Осы жеңісі үшін чемпионға мемлекет оған 250 мың доллорлық сыйақы тағайындаған. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Ал спорт журналисі Дидар Қадыров Михаилдың тарихи алтыны Қазақстанды құтқарып қалғанын айтып отыр.
Сонымен қатар, ол елде спортқа көп қаражат бөлінетінін, алайда соның өзінде бапкерлердің жалақысы төмен әрі инфрақұрылым ескіргенін атап өтті. Сол себепті Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа бөлінген 250 мың долларлық жүлде ақшасын спортты дамытуға жұмсау керек деп санайды.
Ұқсас материалдар

Спорт
36,4 млн теңге табыс: Бибісара Асаубаева Норвегиядағы додада топ жарды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Қордайда жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Александр Винокуров Рим Папасына Қазақстан велоспорт құрамасының жейдесін сыйға тартты
Айғаным Нариманова·

Спорт
«Текстің мәтіні бірдей»: журналист Спорт министрлігін Олимпиада чемпионына қарсы блогерлерді жалдағанын айтып, сынады
Айғаным Нариманова·