Todayinfo.kz
ӘлемБарлық жазбаларды қарау

Сеулдегі сергелдең: қорғаныс министрі мемлекетке опасыздық жасағаны үшін тұтқындалды

Фото: Yonhap Оңтүстік Кореяның бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хён мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен тұтқындалды, деп хабарлайды Todayinfo. Yonhap басылымының  мәліметінше, экс-министр Сеулдің шығысындағы қамау орталығына жіберілген. «Прокуратура президент Юн Сок Ёл

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Фото: Yonhap Оңтүстік Кореяның бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хён мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен тұтқындалды, деп хабарлайды Todayinfo. Yonhap басылымының  мәліметінше, экс-министр Сеулдің шығысындағы қамау орталығына жіберілген.
«Прокуратура президент Юн Сок Ёльдің өткен аптада әскери жағдай жариялауына байланысты Ким Ён Хёнды тергеп, тұтқындағанын мәлімдеді. Арнайы тергеу штабы экс-министрдің ұялы телефонын тәркілеп, тергеу жүргізіп жатыр», — деп жазылған хабарламада.
Ким Ён Хён президент Юн Сок Ёльге әскери жағдай енгізуді ұсынғаны белгілі болды. Президент бұл шешімді сейсенбі күні кешкісін жариялаған.

Ұқсас материалдар

Сеулдегі сергелдең: қорғаныс министрі мемлекетке опасыздық жасағаны үшін тұтқындалды · Todayinfo