Todayinfo.kz
AQORDAБарлық жазбаларды қарау

Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді

26-27 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекеттер басшылары қазақ-серб қары

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді
26-27 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекеттер басшылары қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды. Саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударылады. 

Ұқсас материалдар

Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді · Todayinfo