Todayinfo.kz
ОқиғаларБарлық жазбаларды қарау

Саты ауылындағы ахуал: Алматы облысында жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 111 шақырым жерде орналасқаны анықталды

Авторы Айдар Керім··1 мин оқу
Саты ауылындағы ахуал: Алматы облысында жер сілкінді
📷 © istockphoto.com

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 8 маусым күні Астана уақытымен сағат 21:55-те Алматы облысында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 111 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Эпицентр координаттары – солтүстік ендіктің 42,920 градусы және шығыс бойлығының 78,188 градусы. Жер сілкінісінің ошағы 5 шақырым тереңдікте болған.

Алдын ала есеп бойынша, Алматы облысы Кеген ауданындағы Саты ауылында жер сілкінісінің қарқындылығы 2,5 баллды, ал осы ауданға қарасты Жалағаш ауылында 2 баллды құрады.

Жер сілкінісінен кейін «Қазселденқорғау» мамандары өзен арналарына, гидротехникалық құрылыстарға, көшкін және сел қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізді. Сонымен қатар тіршілікті қамтамасыз ету нысандары көзбен шолып тексерілген.

Тексеру нәтижесінде ешқандай зақым анықталмаған. Барлық нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

ТЖМ мәліметінше, жағдай тұрақты.

Ұқсас материалдар