“Түрі де, білімі де жетпейді”: Сәуле Әбілдаханқызы жаңа жылдық эфирге шүйлікті
Сәуле Әбілдаханқызы жаңа жылдық эфир сапасына наразылығын білдіріп, жүргізушілер мен мазмұн деңгейін сынға алды.

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы 31 желтоқсан күні теледидардан көрсетілген жаңа жылдық концертке қатысты қатты сыни пікір білдірді. Ол эфирде жүргізушілер мен жалпы бағдарламаның сапасына қатысты көзқарасын ашық айтып, әлеуметтік желіде бөлісті.
Оның сөзінше, концерт барысында кәсіби деңгейдің төмендігі байқалған. Бұл әсіресе жүргізушілердің сөйлеу мәнері мен экран алдындағы жүріс-тұрысынан анық көрініп тұрғанын айтты.
Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сәуле ханым эфир жүргізіп тұрған блогер қыздың тіл білгені болмаса, елдің алдына шығатындай түрі де, білімі де жетпейді деп сынады. Оның сөзінше, мәтінді суфлёрдан оқып жатқан жүргізушілер көздерін тым жиі ойнақтатып, өздеріне сенімсіз көрінеді. Енді бірі күзет камерасына түскендей қозғалып, «переигрывание» мен «перебор» көп болды дейді.
Журналист бағдарлама жүргізушілерінің киіну мәнері мен мәтін сапасын да сынға алды. Оның айтуынша, нашар ойластырылған сценарий мен артық боялған сән үлгісі бүкіл кештің көркемдігін жойған. Сондай-ақ жаңа жылдық эфир үшін бюджеттен миллиондап қаржы жұмсалуы мүмкін екенін еске салып, бұл қаншалықты орынды деген сауал тастады.
Президент құттықтауыжүргізушілер кәсіби деңгейіжаңа жыл кешіСәуле Әбілдаханқызы пікіріқазақ телевизиясы
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Снявших ролик в общественном туалете астанчан привлекли к ответственности
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы беру мемлекеттік қызметі
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Әл-Фарабидегі адам өліміне әкелген жол апаты: куәгерлер жалған жауап берді деген күдікке ілінді
Жаннұр Еділбаева·