Ресейдің Қазан мен Калуга аймағындағы кәсіпорындарға Украина дрондары шабуылдады
Фото: С.П.Горбунов атындағы Қазан авиация зауытына Ресей президенті Владимир Путин барған кез. Архивтік фото. 20 қаңтар таңертең Қазан қаласына Украина дрондары шабуыл жасады. Татарстан билігі дрондар өнеркәсіп орнына шабуыл жасамақ болды деп мәлімдеді . Хабарламада қандай

Фото: С.П.Горбунов атындағы Қазан авиация зауытына Ресей президенті Владимир Путин барған кез. Архивтік фото.
20 қаңтар таңертең Қазан қаласына Украина дрондары шабуыл жасады. Татарстан билігі дрондар өнеркәсіп орнына шабуыл жасамақ болды деп мәлімдеді. Хабарламада қандай кәсіпорын екені нақты аталмаған. Ресми мәліметке сәйкес, «жойылған, құрбандар мен бүлінген нысандар жоқ», деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Жергілікті тұрғындар мен пабликтер Украина дрондары С.П. Горбунов атындағы Қазан авиация зауытына шабуыл жасады деп мәлімдеді. Бұл зауыт – Ту-160 стратегиялық зымыран тасығыштары мен алыс қашыққа ұшатын Ту-22М3М/Ту-22М3 бомбалаушы ұшақтарын шығаратын және оларды жөндейтін Ресейдегі ірі авиация кәсіпорындарының бірі. Ресей мұндай ұшақтарды Украинаға қарсы соғысқа қолданады.
Дрондардың бірі зауыт аумағындағы бос резервуарға тиді деген хабар шықты. Мұны растайтын тәуелсіз дереккөз жоқ.
Жергілікті тұрғындар Қазандағы бірнеше ауданда жарылыс даусын естігенін айтты. Олардың бірінде «Борисоглебское» деген аэродром бар. ВЧК-ОГПУ телеграм-арнасының мәліметінше, шабуыл кезінде аэродромдағы жанармай цистерналары нысанаға алынған.
Қазан әуежайы рейстер қабылдауды және жіберуді уақытша тоқтатты. Росавиация Нижнекамск пен Ижевск қалаларындағы әуежайда ұшақтар қабылдауға және ұшыруға уақытша шектеу енгізілді деп хабарлады.
Ресей қорғаныс министрлігі 20 қаңтар таңертең Ресей аймақтарында 31 дрон атып түсірілді деп есеп берді. Ресми хабарламада Татарстан аспанынан бір дрон, Калуга облысында алты дрон қағып түсірдік деген.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Осы демалыста отандық спортшылар халықаралық жарыстарда 19 медаль жеңіп алды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Транспорт, логистика, ГМК и торговля: Серик Жумангарин обсудил перспективы сотрудничества с руководством Афганистана
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Көлік, логистика, ТМК және сауда: Серік Жұманғарин Ауғанстан басшылығымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Әдепсіз әрекетін тоқтатпаған: Төреғали Төреәлінің саханаға, концертке шығуына тыйым салынды
Жаннұр Еділбаева·