Қызылордада балалар мен жасөспірімдерге арналған замануи шығармашылық- инновациялық академиясы ашылды
Ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, Мархабат Жайымбетов және зиялы қауым өкілдері, ел ағалары арнайы қатысты. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, біл

Ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, Мархабат Жайымбетов және зиялы қауым өкілдері, ел ағалары арнайы қатысты. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, білім саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
«Сыр жұлдыздары» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық- инновациялық академиясы бір мезетте 500 оқушы, тәулігіне 3 мың оқушыға дейін қабылдайды.
Мұнда бассейн, топтық жаттығу бөлмесі, көркем гимнастика және фитнес залы орналасқан. Сондай-ақ үстел ойындарына арналған кабинет, жекпе-жек, үстел теннисі залдары бар.
Барлық залда ұлдар мен қыздарға арналған жеке-жеке киім ауыстыру бөлмелері қарастырылған.
Көркемдік-эстетикалық бағытта кескіндеме, сурет салу, резин арт бөлмесі, балалар шығармашылығы шеберханасы, сәндік-қолданбалы өнер, FabLab, дыбыс жазу студиясы, робототехника және жасанды интеллект, биотехнология, 3D модельдеу, КИП және автоматтандыру, киберспорт және математика кабинеттері жұмыс істейді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Кәсіби мерекені тойлауға барған: белгілі журналист көл жағасында көз жұмды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Журналист Өміржан Әбдіхалықұлы Freedom Bank-тен ресми жауап пен кешірім күтетінін айтты
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Павлодаре подростков подозревают в нападении с ножом на сторожа кладбища
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Бақұл бол, досым»: Танымал әзілкеш Жанболат қаралы хабар айтты
Айғаным Нариманова·