Қызылорда облысында автоматтандырылған кірпіш зауыты салынуда
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қызылорда қаласының «Өндіріс» индустриялық аймағында қарқынды салынып жатқан заманауи кірпіш зауытының жұмыс барысымен танысты. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құрылысын «Қызылорда Саз М» ЖШС жүргізіп жатқан кірпіш зауытын орнал

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қызылорда қаласының «Өндіріс» индустриялық аймағында қарқынды салынып жатқан заманауи кірпіш зауытының жұмыс барысымен танысты.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құрылысын «Қызылорда Саз М» ЖШС жүргізіп жатқан кірпіш зауытын орналастыруға өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен 7 гектар жер телімі берілгенін айтты. Іске қосылған соң мұнда жылына 90 млн дана кірпіш шығарылады.
Зауыттың іргетасы толық құйылып, металл конструкцияларының 60%-ы орнатылған. Құрылыс алаңында 50 жұмысшы, 11 техника еңбек етуде. Қажетті қондырғылар Қытайдан жеткізілген. Айналмалы пешті, шикізат дайындайтын қондырғыны, экструдерді, кірпіш кесіп оны жинайтын құрылғыларды монтаждау жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, әкімшілік-тұрмыстық ғимарат та салынады. Бұл кірпіш зауытының артықшылығы – өндіріс толығымен автоматтандырылған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Астанада 13 қабатты тұрғын үй өртенді
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
В Казахстане введён запрет на ввоз охлаждённых и свежих помидоров из-за рубежа
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Денсаулығы нашарлаған: Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде мерт болды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
В Кокшетау женщину осудили за смертельное ДТП с матерью-одиночкой
Жаннұр Еділбаева·