Қытай машинасынан өрт шыққан: Бортына 3 мың көлік тиеген алып кеме мұхитқа батып кетті
Morning Midas деп аталатын кеме-ролкер су астына кетті. Кеме бортында Қытайдан Америкаға жөнелтілген 3048 жаңа көлік, соның ішінде 800 электрмобиль болған, деп хабарлайды Todayinfo. Жолдың жартысында кеменің бір бөлігінде өрт шыққан. Оған бір электрмобильдің өздігінен тұтан

Morning Midas деп аталатын кеме-ролкер су астына кетті. Кеме бортында Қытайдан Америкаға жөнелтілген 3048 жаңа көлік, соның ішінде 800 электрмобиль болған, деп хабарлайды Todayinfo.
Жолдың жартысында кеменің бір бөлігінде өрт шыққан. Оған бір электрмобильдің өздігінен тұтануынан себеп болуы мүмкін деген болжам бар.
Drom.ru басылымының жазуынша, экипаж өртпен күресіп баққанымен, еш нәтиже шықпаған – жалын тез тарап, 22 экипаж мүшесі кемені шұғыл түрде құтқару қайықтарымен тастап шығуға мәжбүр болған. Олар көп ұзамай АҚШ-тың сауда флоты кемелерінің бірімен құтқарылды.
Әзірге литий батареяларынан өрт шыққан жағдайда, оны сөндіретін тиімді әдіс жоқ, сондықтан оларды оқшаулап, толық жанып кетуін күту ғана қалады. Тиісінше электрмобильдерді теңіз арқылы тасымалдау кеме иелері мен сақтандыру компаниялары үшін үлкен мәселе күйінде қалып отыр және бүгінгі таңда бұл проблеманың нақты шешімі жоқ.
Өрт 3 маусым күні шығып, үш апта бойы жалындап тұрды. 24 маусымда кеменің иесі Zodiac Maritime компаниясы 23 маусым күні кеме Тынық мұхиттағы халықаралық суларда, ең жақын жағалаудан 360 миль қашықтықта суға батқанын хабарлады. Экипаж алғашқы күні-ақ эвакуацияланған, сол себепті адам шығыны болған жоқ.
Бейресми деректерге сүйенсек, кемедегі жүк Chery және Great Wall маркалы көліктерден құралған. Жеткізу нүктесі ретінде Мексика көрсетілген.
Ұқсас материалдар

Оқиғалар
Еркебұлан Тоқтар оқырманының еміне гонорарынан 50 мың доллар аударды
Айдар Керім·

Оқиғалар
«Жаным жай таппай.. »: Гүлзира Айдарбекова белгілі блогердің ота үстелінде көз жұмғанын жеткізді
Айдар Керім·

Оқиғалар
Келімсектің кесірі: мас шетелдік Алматы әуежайын қиратып кетті
Айдар Керім·

Оқиғалар
Үшінші рет қылмыс жасаған: Шымкентте жас әйелді аса қатыгездікпен өлтірген еркек жазадан құтылып кетті
Айдар Керім·