Todayinfo.kz
ҚоғамБарлық жазбаларды қарау

Құлсарыдадағы қылмыс: 10-сыныптың ұлы мектепте балтамен шабуыл жасап, екі оқушыны жаралады

Атырау облысының Құлсары қаласында 10-сынып оқушысы балта ұстап, қатарластарына шабуыл жасады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Оқиғаны облыстық Полиция департаменті ресми түрде растап, агенттік тілшісіне пікір білдірді. Полицияның мәліметінше, 5 ақпан күні «102» ар

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Құлсарыдадағы қылмыс: 10-сыныптың ұлы мектепте балтамен шабуыл жасап, екі оқушыны жаралады
Атырау облысының Құлсары қаласында 10-сынып оқушысы балта ұстап, қатарластарына шабуыл жасады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Оқиғаны облыстық Полиция департаменті ресми түрде растап, агенттік тілшісіне пікір білдірді. Полицияның мәліметінше, 5 ақпан күні «102» арнасына Құлсары қаласында 10-сынып оқушысының қатарластарымен болған жанжалдан кейін оларға шабуыл жасап, мектеп аумағынан бой тасалағаны туралы хабарлама түскен. Оқиға салдарынан екі оқушы жеңіл дене жарақатын алған.
«Хабарлама түскен бойда оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, жасөспірім анықталып, ұсталды. Оқиғаға қатысушылар мен олардың ата-аналары полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша бұзақылық фактісімен қылмыстық іс қозғалды. 15 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, Ішкі істер органдарының есебіне алынды. Жинақталған материалдар шешім қабылдау үшін Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды», – делінген ПД хабарламасында.
Сондай-ақ жасөспірімнің ата-анасына қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды.

Ұқсас материалдар

Құлсарыдадағы қылмыс: 10-сыныптың ұлы мектепте балтамен шабуыл жасап, екі оқушыны жаралады · Todayinfo