Қорғаныс вице-министрінің әйелі 2024 жылы 34 миллион теңге табыс тапқан
Фото: gov.kz Қорғаныс министрлігінің вице-министрі Қаныш Абубакировтың жұбайы Майра Қожатай 2024 жылға арналған декларацияда 34 миллион теңге кірісін көрсетті. Кей деректерде оның айналым қаражатын алу үшін несие алғаны көрсетілген, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агентт

Фото: gov.kz
Қорғаныс министрлігінің вице-министрі Қаныш Абубакировтың жұбайы Майра Қожатай 2024 жылға арналған декларацияда 34 миллион теңге кірісін көрсетті. Кей деректерде оның айналым қаражатын алу үшін несие алғаны көрсетілген, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Бұл ақпарат мемлекеттік қызметкерлердің өзін-өзі салыққа тарту бойынша кіріс декларацияларынан алынды.
Құжатта: "Абубакиров Қаныш Асанханович – Қорғаныс министрлігінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі вице-министрі. Жұбайы – Қожатай Майра Үсенқызы. Есеп беру кезеңі – 2024 жыл" деп жазылған.
Өз декларациясында вице-министр ештеңе көрсетпеген. Тек ресми жалақысы болуы мүмкін деп көрсетілген.
Интернетте бұл есіммен тіркелген әйелдің "Қожатай" жеке кәсіпкерлігі бар екені хабарланған. Компания 13 жыл бұрын тіркелген және қызмет түрі: сағаттар мен зергерлік бұйымдарды арнайы дүкендерде бөлшек саудаға шығару (сауда алаңы 2000 м²-ден аз).
Сондай-ақ Майра Қожатай туралы мәліметтер "Даму" қоры бағдарламасы шеңберіндегі кепілдік жобаларының 2022 және 2023 жылдардағы есептерінде бар. Онда ол БанкЦентрКредиттен 33 айға 16% сыйақымен 40 миллион теңге айналым қаражатын алу үшін несие алғаны көрсетілген.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Білім министрлерінің ІХ отырысы өтті
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Алматыда патриоттық форум өтті: Ұлттық ұлан сарбаздарына ерекше сый жасалды
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
«Жылап көрістік»: Дана Нұржігіт ауылдастары зорлаған оралдық әйелді танитын болып шықты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
«Көшенің жабайы бандиты»: депутат Ринат Зайытовтың төбелесіп, қарсыласына мылтық оқтаған видеосы тарады (видео)
Айғаным Нариманова·