Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қоғамдық моншаға және саунаға барған кезде не білу керек?

Моншалар мен сауналар – демалуға және сауықтыруға арналған кешен. Монша рәсімдерінің өзіндік дәстүрлері мен әдеттері бар, ыстық ауа мен судың үйлесімі емдік процедура болып табылады. Монша мен сауналарда санитариялық-гигиеналық талаптар сақталмаса, денсаулығыңызға қауіпті қышыма,

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Қоғамдық моншаға және саунаға барған кезде не білу керек?
Моншалар мен сауналар – демалуға және сауықтыруға арналған кешен. Монша рәсімдерінің өзіндік дәстүрлері мен әдеттері бар, ыстық ауа мен судың үйлесімі емдік процедура болып табылады. Монша мен сауналарда санитариялық-гигиеналық талаптар сақталмаса, денсаулығыңызға қауіпті қышыма, дерматомикоз, педикулез сияқты тері ауруларын жұқтыру қаупі бар екенін есте ұстаған жөн. «Осыған байланысты, Сіздерді монша мен сауналарға қойылатын кейбір санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен таныстырғымыз келеді, мысалы: бу қабылдау бөлмелерінде ауа температурасын бақылау үшін термометр қарастырылады, киім ауыстыратын бөлмелер мен себезгі бөлмелерінде ағаш траптар пайдаланылмайды, резеңке төсеніштер болуы керек, бөлмелерде жуу және дезинфекциялық заттарға төзімді материалдардан жасалған жиһаздар орнатылады, легендерді өңдеу үшін дезинфекциялау ерітінділері бар сыйымдылықтар, тазартатын заттар, щеткалар мен шүберектер болуы керек, бу бөлмелерін қоспағанда, бөлмелерде қоқыс жәшіктері орнатылады»,- дейді Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары Самат Ахметов. Сонымен қатар, монша процедуралары мен сау демалыс өткізу үшін келесі қарапайым ережелерді сақтауды ұсынамыз:
  • моншаға түсуге дейін және одан кейін ауыр тағамдар мен алкогольдік сусындарды қабылдамаңыз;
  • суық тиіп ауырып қалған жағдайда ем қабылдап болғанға дейін моншаға түспеңіз;
  • бу қабылдау бөлмесіне кірмес бұрын жуынып алыңыз;
  • жеке бас гигиенасын және бу қабылдау бөлмесіне кіру арасындағы үзілісті сақтаңыз;
  • егер Сізде қан қысымы жоғары болса, қатерлі ісік немесе жүрек-қан тамырлары аурулары болса, онда бу қабылдау бөлмесінен бас тартуыңыз немесе жалпы моншаға бармауыңыз керек;
  • моншаға түсіп болғаннан кейін демалып алған жөн.

Ұқсас материалдар

Қоғамдық моншаға және саунаға барған кезде не білу керек? · Todayinfo