Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қазақстанда бала босану мен сәби күтіміне төленетін жәрдемақы мөлшері белгілі болды

Фото: freepik.com Еңбек министрлігі 2025 жылға арналған бала туу мен оның күтіміне төленетін төлемдердің көлемін жариялады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Бала тууға байланысты жәрдемақы мөлшері: бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 149 416 теңге; төртінші

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Қазақстанда бала босану мен сәби күтіміне төленетін жәрдемақы мөлшері белгілі болды
Фото: freepik.com Еңбек министрлігі 2025 жылға арналған бала туу мен оның күтіміне төленетін төлемдердің көлемін жариялады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Бала тууға байланысты жәрдемақы мөлшері:
  • бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 149 416 теңге;
  • төртінші және одан да көп балаға – 63 АЕК немесе 247 716 теңге.
Сәби 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақы ай сайын төленеді:
  • бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;
  • екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;
  • үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;
  • төртінші және одан да көп балаға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.
2024 жылы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның тууы мен күтімі бойынша жәрдемақылар мен төлемдермен 504,4 мың адам қамтылды. Жалпы сомасы – 895,3 млрд теңге.

Ұқсас материалдар

Қазақстанда бала босану мен сәби күтіміне төленетін жәрдемақы мөлшері белгілі болды · Todayinfo