— Біз бұл ән арқылы тек әуезді әуенді ғана емес, оның жан тебірентер рухын жеткізгіміз келді. Димашқа және оның шығармашылығына деген махаббат — тіл мен мәдениет шекарасынан тыс, бүкіләлемдік құбылыс екенін дәлелдегіміз келді, — деп бөлісті жобаға қатысушылар.
«Қазақ тілі мен мәдениетіне ерекше құрмет»: Латынамерикалық жанкүйерлер Димаштың «Angel Love» әнін қазақ тілінде орындады
Фото: видео скриншот Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасындағы жанкүйерлері «Latam, Voices of Love» жобасы аясында ерекше бейнебаян ұсынды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Аргентина, Мексика, Перу, Чили, Боливия, Уругвай, Доминикан Республикасы және Коста-Рика елде

Фото: видео скриншот
Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасындағы жанкүйерлері «Latam, Voices of Love» жобасы аясында ерекше бейнебаян ұсынды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Аргентина, Мексика, Перу, Чили, Боливия, Уругвай, Доминикан Республикасы және Коста-Рика елдерінен жиналған Dears өнерпаздың репертуарындағы жүректі тербейтін туындылардың бірі — «Angel Love» әнін қазақ тілінде орындады.
Әннің музыкасын — Ренат Гайсин, ал сөзін белгілі ақын Қалқаман Сарин жазған. Көптеген қатысушы үшін бұл жоба тек музыкалық тәжірибе ғана емес, сонымен қатар қазақ тілі мен мәдениетіне, әрі Димаштың шығармашылығына деген ерекше құрметтің көрінісі болды.
Ұқсас материалдар

Шоу бизнес
«Баян Мақсатқызы күйеуге шықсаң да, бала тусаң да келіп жұмыс істейсің»: Танымал әнші продюсері туралы бар шындықты жайып салды
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Некесіз туған ұлы»: Мейрамбек Беспаев туралы ел естімеген шындық тарады
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Дірілдеп жатыр»:: әнші Бүркіттің қарындасының жағдайы ауыр екені айтылды
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Жүрегі тоқтап қалса ше?»: журналист Мөлдір Әуелбековаға араша түсті
Айғаным Нариманова·