Todayinfo.kz
ОқиғаларБарлық жазбаларды қарау

Қатарлас сыныптас қызбен кездесіп жүрген: Алматыда гимназияның үздік оқушысы өзіне қол жұмсады

Қайғылы оқиға 23 мамырға қараған түні Әуезов ауданында түнгі сағат 03:00 мен 04:00 шамасында болған

Авторы Айдар Керім··1 мин оқу
Қатарлас сыныптас қызбен кездесіп жүрген: Алматыда гимназияның үздік оқушысы өзіне қол жұмсады
📷 Яндекс

Алматыдағы №126 мамандандырылған лицейдің оқушысының қайғылы қазасына байланысты мән-жай анықталып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Қайғылы оқиға 23 мамырға қараған түні Әуезов ауданында түнгі сағат 03:00 мен 04:00 шамасында болған. Марқұмның таныстары мен ұстаздары бұл жағдайға әлі күнге дейін сене алар емес. Себебі оқушы мектептің үздік шәкірттерінің бірі болып, болашағына үлкен жоспар құрған.

Мектеп директоры Айжан Әбуева qaz365.kz порталына айтқан сөзіне қарағанда, жасөспірім оқу үлгерімімен ерекше көзге түскен.

  • - Ол өте жақсы оқыды. Оны АҚШ пен Қытайдың оқу орындары білім алуға шақырған. Бұл туралы мектепте ешкім білмеген, ақпарат тек жерлеу рәсімінде айтылды. Сондай-ақ ол қатарлас сыныптағы қызбен кездесіп жүрген, – деді директор.

Түлек ұлттық бірыңғай тестілеуде де жоғары нәтиже көрсеткен. Қаңтар айында өткен ҰБТ-дан 119 балл жинаса, кейінгі сынақ тестілерінің бірінде 134 балл алған. Мамыр айында негізгі емтиханды тапсыруы тиіс болған. Сонымен қатар ол математика пәнінен олимпиадаларға белсенді қатысып жүрген.

Оқушының жақындары оның мінез-құлқынан ешқандай күмәнді белгі байқалмағанын айтады. Қайғылы оқиғаға бір күн қалғанда, 22 мамыр күні ол мектептегі соңғы қоңырауға арналған вальс биінің дайындығына қатысып, көтеріңкі көңіл күйде болған.

Ол соңғы қоңырауда міндетті түрде өзінің мұғалімін биге шақыратынын айтқан еді. Өте көңілді жүрді. Сол күні кешке үйіне келіп, анасына «ет жейік» деген. Кейін бәрі демалуға жатқан, – дейді Айжан Әбуева.

Белгілі болғандай, марқұм отбасындағы үшінші бала болған. Қазіргі уақытта тергеу барысында отбасылық қиындықтар болуы мүмкін деген нұсқа да қарастырылып жатыр. Алайда сырт көзге отбасы тату-тәтті көрінген. Сынып жетекшісінің айтуынша, ата-анасы мектеп жиналыстарына үнемі қатысып отырған және үйде қандай да бір мәселе немесе жанжал бар екенін ешқашан білдірмеген.

Ақпарат көзі: qaz365.kz

Ұқсас материалдар