Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Конго Президентін қарсы алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Қазақстан Президенті Астанаға шақыруын қабыл алғаны үшін Феликс Чисекедиге алғыс айтты.  – Қазақстанға ал

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Конго Президентін қарсы алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Қазақстан Президенті Астанаға шақыруын қабыл алғаны үшін Феликс Чисекедиге алғыс айтты. 
– Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келіп жатсыз. Шын мәнінде, мұны тарихи сапар деуге болады. Сапарыңыз өте маңызды. Бұл қадам Қазақстан мен Конго арасындағы қарым-қатынасты дамытуға тың серпін береді. Еліңіз – адами және табиғи ресурсқа бай мемлекет. Халық саны 110 миллионнан астам ел. Сондай-ақ Конгоның халықаралық және аймақтық деңгейдегі рөлі артып келе жатыр. Осы орайда бүгінгі келіссөздер Орталық Азия және Африка арасындағы байланысты күшейтуге ықпал етеді деп сенеміз. Африка елдерімен ынтымақтастықты нығайту – еліміздің сыртқы саясатындағы маңызды бағыттың бірі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Ұқсас материалдар

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Конго Президентін қарсы алды · Todayinfo