«Қазіргі таңда Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктері аталған мекемені қаланың балансына беру бойынша бірлескен жұмыс жүргізіп жатыр.Тәрбиеленушілерге қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру мақсатында балалар үйінің ғимаратын кешенді қайта жаңғырту жоспарланған. Жөндеу жұмыстары келесі жылы басталады деп күтілуде. Оған дейін техникалық зерттеу, жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтіп, тиісті конкурстық рәсімдер аяқталуы тиіс», - деді Акчурин.Қайта жаңғырту жұмыстары барысында тәрбиеленушілер қауіпсіздік талаптарына және тұрмыстық қолайлылыққа сай уақытша орынға көшіріледі. Олар бір-бірінен ажыратылмайды және оқуды қазіргі Алматы қаласындағы мектептерінде жалғастыра береді. Алматы әкімдігі мен Оқу-ағарту министрлігі балаларды Қонаев қаласына көшіру туралы мәселенің қарастырылмайтынын ресми түрде мәлімдеді. Балалардың қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасы мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында болады.
«Қалаға өткізу жұмыстары басталды»: Бағанашылдағы балалар үйіне күрделі жөнедеу келесі жылы жүргізіледі
Алматы қаласындағы «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілері қазіргі орналасқан орындарында тұрып, білім алуды жалғастырады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ильзат Акчурин мәлімдеді,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. «Қазіргі таңда Алматы қаласы м

Алматы қаласындағы «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілері қазіргі орналасқан орындарында тұрып, білім алуды жалғастырады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ильзат Акчурин мәлімдеді,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Ұқсас материалдар

Өзгекті жазбалар
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·