«Қайрат» 10 ойыншымен қалған «Пафос» командасын жеңе алмады
Фото: Чемпионат “Қайрат” футбол клубы “Пафос” құрамасына қарсы ойында есеп аша алмай, ойын тең нәтижемен аяқталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Алматылық "Қайрат" клубы чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңында Кипрдің "Пафос" құрамасын қабылдады. Қ

Фото: Чемпионат
“Қайрат” футбол клубы “Пафос” құрамасына қарсы ойында есеп аша алмай, ойын тең нәтижемен аяқталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Алматылық "Қайрат" клубы чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңында Кипрдің "Пафос" құрамасын қабылдады. Қос команда арасындағы матч алғашқы минуттан-ақ тартысты басталды. Матчтың алғашқы минутында "Пафос" сапынан Коррея ойын тәртібін бұзып, қызыл қағаз алып алаңнан қуылды. Артынша "Қайрат" сапынан Дастан Сәтпаев пен Офри Арад сары қағаз алды. Алайда бірінші таймда он футболшымен қалған "Пафос" құрамысына "Қайрат" басымдық таныта алмады.
Ал екінші таймда "Пафос" "Қайраттың" тарабына бірнеше мәрте қауіпті соққы жасады. Дегенмен бұл қауіпті соққыны Темірлан Анарбеков сәтті қайтарып, "Қайраттың" қақпасын голдан аман сақтап қалды. "Қайраттықтарда" қарсылас командаға шабуылды жиілеткенімен есеп аша алмады. Ал ойынның 71 минутында "Пафостың" соққан голы қақпа бағанасына тиіп, есеп ашылды. Бірақ футболшы ойыннан тыс қалып (офсайд), гол есепке алынбады. Осылайша қос құрамада тең есеппен ойынды аяқтады. Айта кетейік, нәтижесінде "Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпайына ие болды.
Ұқсас материалдар

Спорт
36,4 млн теңге табыс: Бибісара Асаубаева Норвегиядағы додада топ жарды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Қордайда жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Александр Винокуров Рим Папасына Қазақстан велоспорт құрамасының жейдесін сыйға тартты
Айғаным Нариманова·

Спорт
«Текстің мәтіні бірдей»: журналист Спорт министрлігін Олимпиада чемпионына қарсы блогерлерді жалдағанын айтып, сынады
Айғаным Нариманова·