Алматыда жеке сот орындаушысы бюджет қаражатын иемденгені үшін сотталды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Прокуратура тексерісі көрсеткендей, 2024 жылы ол алимент өндіріп алу бойынша атқарушылық іс жүргізу үшін 4,2 млн теңгені заңсыз алған. Төлемдерді алу үшін ол бірдей істер бойынша қайталама есептер жіберген. Барлығы 47 іс бойынша 76 есеп жолданған. Осылайша ол бірнеше рет ақша алып үлгерген.
Сот оны кінәлі деп тауып, 2 жыл 4 ай бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сондай-ақ оған 5 жыл мерзімге сот орындаушысы болып жұмыс істеуге тыйым салынды.




