«Күдіктілердің жеке басын анықтау және ұстау жұмыстары департамент басшылығының бақылауында», – делінген полиция хабарламасында.
Отбасын жертөлеге қамап, тонап кеткен: Ақмола облысында депутаттың үйіне қарақшылық шабуыл жасалды
Әлеуметтік желілерде Ақмола облысының Астраханка ауылында аудандық мәслихат төрағасы Мейрам Қожахметтің үйіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тарады,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Алдын ала деректерге сәйкес, бетперде киген екі адам түнгі уақытта үйге к

Әлеуметтік желілерде Ақмола облысының Астраханка ауылында аудандық мәслихат төрағасы Мейрам Қожахметтің үйіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тарады,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Алдын ала деректерге сәйкес, бетперде киген екі адам түнгі уақытта үйге кіріп, отбасын жертөлеге қамап, үйді тонап кеткен.
Қарақшылар үй ішін тінтіп, ақша, алтын бұйымдар және автокөлікті алып кеткен. Кейін ұрланған көлікпен белгісіз бағытқа бет алған. Қазіргі уақытта қылмыскерлер іздеуде, олар әзірге ұсталған жоқ.
Ақмола облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «қарақшылық» бабымен іс қозғалғанын растады. Қазір жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
«Не давал и не дам прощения»: отец погибшей выступил в суде по делу о смертельном ДТП
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Автомобили, разыгранные Жанабыловыми, выставлены на государственные торги
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Әйелін әбден қорлаған: Интим видеосы тарап кеткен асаба туралы жағымсыз хабар шықты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория Президентін тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтады
Айғаным Нариманова·