Todayinfo.kz
ЭкономикаБарлық жазбаларды қарау

«Отандық фермерлерді сатып кетті»: ақшаға құныққан ҚТЖ астық экспортына кедергі келтіріп келеді

Фото: Digital Business Қаржы саласының маманы, экономист Айбар Олжай Қазақстан темір жолы компаниясының қазіргі тарифтік және транзиттік саясатына сын айтты. Оның сөзінше, ұлттық компанияның бір күндік пайдаға мәз болуы ертең еліміздің экономикасы үшін ауыр салдарға әкелуі ықтима

Авторы Айғаным Нариманова··2 мин оқу
«Отандық фермерлерді сатып кетті»: ақшаға құныққан ҚТЖ астық экспортына кедергі келтіріп келеді

Фото: Digital Business

Қаржы саласының маманы, экономист Айбар Олжай Қазақстан темір жолы компаниясының қазіргі тарифтік және транзиттік саясатына сын айтты. Оның сөзінше, ұлттық компанияның бір күндік пайдаға мәз болуы ертең еліміздің экономикасы үшін ауыр салдарға әкелуі ықтимал, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Олжайдың айтуынша, отандық жүк жөнелтушілер теміржол нарығында дискриминацияға ұшырап отыр. Ресейлік экспорттаушылар жоғары тариф төлеп, біздің инфрақұрылымды тиімді пайдаланып жатқанда, қазақстандық кәсіпкерлер өз тауарын сыртқы нарыққа шығара алмай, тығырыққа тірелген.

Экономист атап өткендей, биыл Қазақстан фермерлері 27 млн тонна астық жинап, рекорд жаңартты. Логикалық тұрғыда бұл экспорт көлемінің өсуіне әкелуі керек еді. Дегенмен, негізгі экспорт дәлізі – «Сарыағаш» өткелі арқылы ҚТЖ отандық тасымалдаушылардың жүктерін қабылдамай, ресейлік астықты бірінші өткізіп отыр.

«Осы арқылы Ресей біздің дәстүрлі нарықтарымыз – Орталық Азия мен Ауғанстанға өз астығын тиімді шығарып, біздің фермерлерді бәсекеден ығыстырып жатыр. Бұл жерде мемлекетшілдік те, отандық экономикаға жанашырлық та, ұлттық мүдде де көрінбейді», – дейді Айбар Олжай.

Оның айтуынша, қазақстандық шаруалардың жүгі кейінге шегеріле берсе, Өзбекстан, Тәжікстан және Ауғанстан өз қоймаларын ресейлік астықпен толтырып алады. Мұндай жағдайда отандық өнімге сұраныс төмендеп, фермерлер экспорттық табысынан айырылады.

Статистикаға жүгінсек:

  • 2023 жылы елде 1,78 млрд тонна жүк тасымалданды, оның 437 млн тоннасы теміржол арқылы өтті.

  • 2024 жылдың 11 айында теміржолмен 288 млн тонна жүк жөнелтілген.

  • Биылғы транзит көлемі шамамен 33 млн тоннаға жетпек.

Экономист транзиттің өсуі ҚТЖ-ға үлкен пайда әкелетінін жоққа шығармайды. Алайда «осы пайда қуған кезеңде отандық фермерлердің мүддесі ескерусіз қалды» деп есептейді.

Ұқсас материалдар

«Отандық фермерлерді сатып кетті»: ақшаға құныққан ҚТЖ астық экспортына кедергі келтіріп келеді · Todayinfo