«Ордадағы ойран»: танымал басылымның бас редакторын да полиция ұстады
Фото: видео скриншот 1 желтоқсан таңынан бері Алматыдағы Orda.kz редакциясы толық оқшауланып тұр. Офисте және бас редактор Гүлнара Бажкенованың үйінде тінту жүріп жатыр, бірақ адвокаттар мен заңгерлерді ішке өткізбеуде, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Адвокат Мұрат

Фото: видео скриншот
1 желтоқсан таңынан бері Алматыдағы Orda.kz редакциясы толық оқшауланып тұр. Офисте және бас редактор Гүлнара Бажкенованың үйінде тінту жүріп жатыр, бірақ адвокаттар мен заңгерлерді ішке өткізбеуде, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Адвокат Мұрат Адам кеңсеге кірмек болғанда, СОБР қызметкерлері оны құжаттарын көрсеткеніне қарамастан сыртқа күштеп шығарып жіберген. Редакцияның заңгері Ольга Диденко да тінтудің негізі мен қаулысын ешкім көрсетпегенін айтады. Тергеу тобын басқаратын қызметкер бірде-бір сұраққа жауап бермеген.
Редакция екі сағаттан астам уақыт бойы ғимаратқа кіре алмай отыр: іште не адвокаттар, не журналистер жоқ. Шеф-редактор Дмитрий Кимді полиция алып кеткен, ал бірнеше қызметкер байланысқа шықпай қалған — телефондарын тәркілеген болуы мүмкін. Ғимарат маңында қара киімдегі адамдар мен нөмірсіз көліктер байқалды.
Orda.kz бұған дейін де қысым, бақылау, фейктер, аккаунттарға шабуыл және медианы рейдерлік жолмен тартып алу әрекеттері туралы хабарлаған. Редакцияның пайымынша, бұл әрекеттердің мақсаты — бас редакторды оқшаулап, платформаны күшпен басып алу.
Респи ақпарат жоқ, бұл Orda сайтының телеграм парақшасындағы біржақты пікір.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Үкіметтің 2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттемелері орындалды — Мәди Такиев
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Все социальные обязательства Правительства в 2025 году исполнены — Мади Такиев
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Келінімнің денесі қораға дейін ұшып кеткен»: Арыста екі бала мен жүкті әйелді қағып өлтірген әйелдің мұғалім екені расталды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Айғаным Нариманова·