Өрттен кейінгі үйінділер арасынан өрт сөндірушілер баланың күйіп кеткен мәйітін тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қаза тапқан қыздың анасына қатысты да қылмыстық іс қозғау мәселесін қарап жатыр. Бұл өрт салдарынан екінші пәтерде тұрған көршілер де баспанасыз қалғанын айта кетейік.Өрт сөндірушілер келген сәтте екі пәтерлі үй түгелдей отқа оранып, тіпті шатыры да опырылып түскен. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 35 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылды. Алдын ала себеп – пешпен жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы, – деп мәлімдеді СҚО ТЖД.
«Он күнде бес адам»: СҚО бес жастағы қыз тірідей өртеніп кетті
Фото: СҚО ТЖД Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы Ольшанка ауылында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Белгілі болғандай, 18 қаңтар күні кешке ауылдағы пәтерлердің бірінде 33 жастағы әйел, 31 жастағы ер адам және әйелдің бес жасар қ

Фото: СҚО ТЖД
Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы Ольшанка ауылында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, 18 қаңтар күні кешке ауылдағы пәтерлердің бірінде 33 жастағы әйел, 31 жастағы ер адам және әйелдің бес жасар қызы тұрған. Бұл отбасы қолайсыз отбасы ретінде есепке алынғаны айтылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ересектер пешті жағып, қонаққа кеткен де, баланы үйде жалғыз қалдырып, есікті құлыптап кеткен.
Көршілердің айтуынша, қыз баланы жиі жалғыз қалдыратын.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
«Асыл бесік – Ақсуат» фестивалі тоғызқұмалақ турнирімен басталды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Казахстан готовится войти в научную программу ЕС
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Идея справедливости находит широкую поддержку в обществе — председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай
Жаннұр Еділбаева·