"Қазақстан құрамасының өкілі Михаил Шайдоров көрерменді Dune фильміндегі Timothée Chalamet бейнесін еске салатын образымен таңғалдырды. Матаның драпировкасы мен градиентті элементтері костюмнің өзге бөліктерімен үйлесіп, Denis Villeneuve фильмдеріне тән футуристік эстетикаға ишара етеді", – деп жазады басылым.Енді Михаил Шайдоровтың киімі Лозанна қаласындағы Халықаралық Олимпиада комитетінің музейінде сақталады. Айта кетейік, Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада бесінші орынға тұрақтағанына қарамастан, еркін бағдарламада сәтті өнер көрсетті. Отандасымыз қос бағдарлама қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, Олимпиада чемпионы атанды. Сонымен қатар бұл – оның жеке рекорды. Осылайша, 32 жылдан кейін алғаш рет Қазақстан қоржынына тарихи жүлде түсті.
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың киімі Лозанна қаласындағы музейде сақталады
Фото: ҰОК Сали Сабиров Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында топ жарған Михаил Шайдоровтың финалдық кезеңде киген киімі мұражайға қойылатын болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Айтулы киімді отандық дизайнерлер Сәкен Жақсыбаев пен Ақмарал Жара

Фото: ҰОК Сали Сабиров
Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында топ жарған Михаил Шайдоровтың финалдық кезеңде киген киімі мұражайға қойылатын болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Айтулы киімді отандық дизайнерлер Сәкен Жақсыбаев пен Ақмарал Жарасқызының қолынан шыққан туынды.
Сондай-ақ бұған дейін Vogue Italia журналының онлайн-нұсқасы Шайдоровтың Олимпиададағы қысқа бағдарламада киген костюмін ерекше дизайынын атап өткен еді. Басылым авторлары киімнің пішініне ғана емес, аксессуарларына да айрықша назар аударған.
Ұқсас материалдар

Спорт
36,4 млн теңге табыс: Бибісара Асаубаева Норвегиядағы додада топ жарды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Қордайда жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Александр Винокуров Рим Папасына Қазақстан велоспорт құрамасының жейдесін сыйға тартты
Айғаным Нариманова·

Спорт
«Текстің мәтіні бірдей»: журналист Спорт министрлігін Олимпиада чемпионына қарсы блогерлерді жалдағанын айтып, сынады
Айғаным Нариманова·