Todayinfo.kz
АймақБарлық жазбаларды қарау

Жасырын босанған: Өскеменде әйел сәбиін қоқыс контейнеріне лақтыра салған

Өскеменде әйел адам босанып, сәбиін қоқыс контейнеріне лақтырып жіберген. Полицияның ақпаратынша, әйел медициналық есепте тұрмастан, өзі жасырын босанған, деп хабарлайды Todayinfo. Instagram желісіндегі f16_kaz парақшасының мәліметінше, жалдамалы пәтерде тұратын 44 жастағы әйел а

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Жасырын босанған: Өскеменде әйел сәбиін қоқыс контейнеріне лақтыра салған
Өскеменде әйел адам босанып, сәбиін қоқыс контейнеріне лақтырып жіберген. Полицияның ақпаратынша, әйел медициналық есепте тұрмастан, өзі жасырын босанған, деп хабарлайды Todayinfo. Instagram желісіндегі f16_kaz парақшасының мәліметінше, жалдамалы пәтерде тұратын 44 жастағы әйел адам медициналық көмекке жүгінбей, жалғыз өзі босанған. Оның айтуынша, сәби өлі күйінде өмірге келген, содан кейін мәйітті қоқыс жәшігіне тастай салған. Әйел адам жүкті ретінде есепте тұрмағаны, медициналық көмекке жүгінбегені анықталды. Кейін ол жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Полиця аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғады.  

Ұқсас материалдар

Жасырын босанған: Өскеменде әйел сәбиін қоқыс контейнеріне лақтыра салған · Todayinfo