Наурызға сыйлық: Қарағанды облысында 389 отбасы жаңа баспана алады
Наурыз мейрамы қарсаңында Қарағанды облысында жүздеген отбасы жаңа баспана алуда. Наурыз мейрамы қарсаңында Қарағанды облысында жүздеген отбасы жаңа пәтер алады. Алғашқы отбасылар өз үйлеріне қоныстанды, барлығы 389 отбасы жаңа тұрғын үйдің кілтін алады. Балқашта "Наурызнама" онк

Наурыз мейрамы қарсаңында Қарағанды облысында жүздеген отбасы жаңа баспана алуда.
Наурыз мейрамы қарсаңында Қарағанды облысында жүздеген отбасы жаңа пәтер алады. Алғашқы отбасылар өз үйлеріне қоныстанды, барлығы 389 отбасы жаңа тұрғын үйдің кілтін алады.
Балқашта "Наурызнама" онкүндігінің қайырымдылық күні аясында 15 жаңа пәтер көп балалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға және мүгедек адамдарға берілді.
Саран қаласында 110 отбасы жана пәтер кілттерін алды. Олардың ішінде жетім балалар, көпбалалы отбасылар және әлеуметтік осал топтардың өкілдері бар. Бұл пәтерлер мемлекеттік бағдарлама бойынша құрылыс салушыдан сатып алынды.
— Наурыз айында жақсылықпен бөлісу, сыйлықтар жасау әдетке айналған. Мұндай мереке қарсаңында пәтердің кілттерін алғанымыз біз үшін үлкен бақыт —, - дейді Саран қаласының тұрғыны, жалғызбасты ана Саликова Мөлдір.
Жаңа пәтерлердің кілттерін тапсыру алдағы күндері де жалғасады. 19 наурызда Қарағандыда 180 отбасы қоныс тойын тойлап, 20 наурызда Бұқар Жырау ауданының Доскөй кентінде 60 отбасыға пәтер кілттері тапсырылады, ал 21 наурызда тағы 24 отбасы Нұра ауданында жаңа тұрғын үй иегері болады.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Еуропарламентте Қазақстанның саяси реформалар жолындағы жетістіктері туралы айтылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Европейском парламенте отметили прогресс Казахстана на пути политических реформ
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Молодежь и креаторы Алматы одними из первых получили специальное издание новой Конституции от Президента
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Экологические слушания по новому Генплану Алматы пройдут 30 июня
Жаннұр Еділбаева·