Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Ұлттық банк футболдан Әлем чемпионатына арналған 1000 теңгелік монета шығарады

Ұлттық банк 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына орай 1000 теңгелік коллекциялық монета шығарады. Таралымы небәрі 2000 дана.

··1 мин оқу
Ұлттық банк футболдан Әлем чемпионатына арналған 1000 теңгелік монета шығарады

Ұлттық банк 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына орай 1000 теңгелік жаңа коллекциялық монета шығарады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 мамырдан бастап "Спорт" сериясынан FIFA World Cup 2026 коллекциялық күміс монеталары сатылымға түседі.

Монеталар алтындату және түрлі-түсті баспа технологиясын қолдана отырып, 925 сынамалы күмістен жасалған. Оның салмағы 20 грамм, диаметрі 37 миллиметр, дайындау сапасы "proof" және номиналы 1000 теңге.

Монетаның реверсінің жоғарғы бөлігінде чемпионаттың финалдық кезеңін қабылдайтын елдер – Канада, АҚШ және Мексика тулары бейнеленген. Ортасында құрлықтары бар жер шары және "FIFA WORLD CUP 26 TM" жазуы орналасқан.

Төменгі бөлігінде FIFA Әлем Кубогі бейнеленген, композицияның екі жағында футбол добының нобайы аясында футболшылардың силуэттері көрсетілген.

Айта кетерлігі, бұл коллекциялық монетаның таралымы небәрі 2000 дананы құрайды, сондықтан оны барлығы бірдей сатып ала алмайды.

Ұқсас материалдар