«Мүлкі тәркіленуі мүмкін»: Болат Назарбаевтың ұлына елден шығуға тыйым салынды
Фото: kursiv.kz Экс-президенттің інісі Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев 57 млрд теңге көлеміндегі активтерінен айырылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ресми тізімде Нұрбол Назарбаевқа қатысты банкроттық іс қозғалғаны туралы хабарлама пайда болған. Shishkin

Фото: kursiv.kz
Экс-президенттің інісі Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев 57 млрд теңге көлеміндегі активтерінен айырылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ресми тізімде Нұрбол Назарбаевқа қатысты банкроттық іс қозғалғаны туралы хабарлама пайда болған.
Shishkin_like Telegram арнасының жазуынша, 15 қазанға дейін оның кредиторларына өз талаптарын білдіруге уақыт берілген.
Adata.kz дерегінше, Нұрбол Назарбаев 15 қыркүйектен бастап атқарушылық өндірістер бойынша борышкерлер тізіміне енгізілген. Жалпы қарызы – 57,9 млрд теңге.
Қазір оның:
банктік шоттарына және мүлкіне бұғат қойылған;
компаниялардағы үлестеріне шектеу қойылған;
елден шығуына тыйым салынған.
Назарбаев банкрот деп танылған жағдайда, оған келесі шектеулер күшіне енеді:
5 жыл бойы несие алуға және жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге тыйым салынады;
3 жыл ішінде ірі мәмілелер мен табыстары туралы міндетті түрде хабарлауы тиіс;
оның барлық мүлкі (тұрғын үй мен тұрмыстық қажеттіліктерден басқа) қарыздарды өтеу үшін сатылуы мүмкін.
Қандай активтері қалды?
Бұған дейін сот шешімімен Нұрбол Назарбаев 57 млрд теңге көлеміндегі активтерінен айырылған болатын.
Бұл тізімге оның бірнеше компаниялардағы үлестері, жылжымайтын мүліктері және банк шоттары кірген.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Амнистия может затронуть почти 3 тысячи женщин, включая более 200 матерей несовершеннолетних детей и беременных
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақмыс Ұлытауға инвестиция салуда: Руслан Өскенәлі әлеуметтік нысандар құрылысының барысын тексерді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Казахмыс инвестирует в Ұлытау: Руслан Өскенәлі проверил ход строительства социальных объектов
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Правительстве состоялось первое заседание Совета по развитию инноваций
Жаннұр Еділбаева·