Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Мешіт имамы 20 күнде алаяқтарға 1 млн теңге аударған

Қарағанды облысы Нұра ауданына қарасты ауылдардың біріндегі имам Ресейден дәрі сатып аламын деп сан соғып қалды. Ол полицияның баспасөз қызметіне алаяқтарға қалай 1 млн теңге аударып жібергенін өз аузымен айтып берген, деп хабарлайды todayinfo.kz. «2024 жылдың қазан айында Қараға

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Мешіт имамы 20 күнде алаяқтарға 1 млн теңге аударған
Қарағанды облысы Нұра ауданына қарасты ауылдардың біріндегі имам Ресейден дәрі сатып аламын деп сан соғып қалды. Ол полицияның баспасөз қызметіне алаяқтарға қалай 1 млн теңге аударып жібергенін өз аузымен айтып берген, деп хабарлайды todayinfo.kz.
«2024 жылдың қазан айында Қарағанды облысы Нұра ауданына қарасты ауылдардың біріндегі мешіт имамы алаяқтардың құрбаны болды. Қаскөйлер жәбірленушіні ресейлік фармацевтикалық компаниядан дәрі-дәрмекке тапсырыс бергені үшін өтемақы алуға болатынына сендірген. Сөйтіп, имам 20 күн ішінде олардың шотына 1 миллион теңгеден астам қаражатты өз еркімен аударған. Алаяқтардың алдауына түскенін түсінген соң, 2025 жылдың 13 қаңтарында полицияға жүгінген», - деп хабарлайды Қарағанды облысының полиция департаменті.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Ұқсас материалдар

Мешіт имамы 20 күнде алаяқтарға 1 млн теңге аударған · Todayinfo