Танымал заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өз ақиқатын айтып, өзіне ақпараттық шабуыл жасап жатқандарға қатысты жазба жариялады деп хабарлайды Todayinfo.
“Мен әділетті Қазақстанда — әділ тергеу болады деп сендім.” Бұл іс өзіме қатысты болған соң, айқайлап, әлеуметтік желіні шулатқан жоқпын. «Тергеуге қысым көрсетіп жатыр» деп айтпасын дедім. Үндемей күттім.
Бірақ менің үндемегенімді біреулер әлсіздік деп түсінген сияқты… Үндемеген сайын — басыма шықты! Бірі ғайбат айтты, бірі жалған жала жапты…
Мен бұл істі басынан-ақ арнайы прокурорлар тергесін дедім. Таза емес адам мені тергеңдер деп Бас Прокуратураға бара ма? Мен басынан ешнәрседен қашқан жоқпын! Тергеуден де, елден де тығылған жоқпын!
Өз ісіне сенімді адам ғана осылай ашық жүреді.
Қорқатын ештеңем жоқ!
Ұялатындай да іс жасаған жоқпын! Кейбір пагон таққандар, офицер атына сай еместер ұялсын!
Мен — халық алдында жүрген адаммын. Жемқорлықпен күресудемін, шындықты айтудамын. Енді соның бәрі өзіме қарсы қолданылатыны анық емес пе?
Жемқорлықпен күрессең сенің басыңды ешкім сыйпамайды!
Мен шындықтан ешқашан қашқан емеспін!
Енді менің ақиқатыма өздеріңіз көз жеткізіңіздер” деп жазған Айгүл Орынбек парақшасында видео жариялады.
«Мен қашқан жоқпын»: шыдамы таусылған Айгүл Орынбек ашулы мәлімдеме жасады
Танымал заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өз ақиқатын айтып, өзіне ақпараттық шабуыл жасап жатқандарға қатысты жазба жариялады деп хабарлайды Todayinfo. “Мен әділетті Қазақстанда — әділ тергеу болады деп сендім.” Бұл іс өзіме қатысты болған соң, айқайлап, әлеуметтік желіні ш

Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·