Мектеп шатыры құлады: Үндістанда оқушылар мерт болып, ондағаны жарақат алды
Фото: x.com/jaggirm Үндістанның Раджастан штатында бастауыш мектептің шатыры құлап, төрт оқушы қаза тапты, тағы 17 бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Оқиға болған кезде сыныпта 25–30 оқушы отырған. Раджастанның біл

Фото: x.com/jaggirm
Үндістанның Раджастан штатында бастауыш мектептің шатыры құлап, төрт оқушы қаза тапты, тағы 17 бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Оқиға болған кезде сыныпта 25–30 оқушы отырған. Раджастанның білім министрі Мадан Дилавардың айтуынша, шатырдың опырылуына өңірде соңғы күндері толассыз жауған жауын-шашын себеп болуы мүмкін. Мектеп ғимаратының ескі күйде болғаны анықталды.
Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жалғасуда, өйткені ғимараттың қирандыларының астында әлі де адамдар болуы мүмкін деген қауіп бар. Жергілікті ақпарат көздері 32 оқушының эвакуацияланғанын, олардың сегізі жараланғанын, ал екі баланың ауыр халде ауруханада жатқанын хабарлады.
Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу шаралары басталып, мектеп ғимаратының техникалық жағдайына жауапты лауазымды тұлғалардың әрекеттері тексерілуде. Бұл оқиға ауылдық өңірлердегі білім беру нысандарының қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Қостанай қаласы білім бөлімінің басшысы жемқорлық күдігімен ұсталды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Бағын Баян тартып алған»: Тұрсын Алагөзовтың экс—әйеліне көз тіккен еркектер көбейген
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қабірге қонған қария: мерт болған ұлын жоқтаған әке зиратты "үйге" айналдырды
Айдар Керім·

Жаңалықтар
Семейдегі аспалы көпірден жас жігіт құлап кетті
Жаннұр Еділбаева·