Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

Фото: promouter.com АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы Allegiant Stadium аренасында бокс кешінің басты жекпе-жегі өтті. Рингке мексикалық Сауль «Канело» Альварес (63-2-2, 39 KO) пен америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 31 KO) шықты, деп хабарлайды T odayinfo.kz Бұл айқаста суперорта салм

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Канелоның қанатын қайырған қара бала:  Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды

Фото: promouter.com

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы Allegiant Stadium аренасында бокс кешінің басты жекпе-жегі өтті. Рингке мексикалық Сауль «Канело» Альварес (63-2-2, 39 KO) пен америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 31 KO) шықты, деп хабарлайды Todayinfo.kz

Бұл айқаста суперорта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы сарапқа салынды. Жекпе-жек толық 12 раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Кроуфорд жеңіске жетті — 116-112, 115-113, 115-113. Бұған дейін Альварес фаворит саналған еді. Осылайша, америкалық боксшы кәсіби мансабындағы 42-жеңісін тіркеді, ал «Канело» үшін бұл — үшінші жеңіліс.

Айта кетейік, Теренс Кроуфорд бұл жекпе-жек үшін бірден екі салмақ дәрежесіне көтерілді. Бұған дейін ол 2017 жылы бірінші жартылай орта салмақта және 2023 жылы жартылай орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атанған болатын.

Ұқсас материалдар

Канелоның қанатын қайырған қара бала: Кроуфорд әлемнің абсолютті чемпионы атанды · Todayinfo