Todayinfo.kz
ӘлемБарлық жазбаларды қарау

Израиль ұшақтары Дамаск маңындағы қару-жарақ қоймаларына соққы берді

Фото: Alert5 (ru.wikipedia.org) Израильдің әскери ұшақтары Дамаскінің оңтүстік-батысындағы бұрынғы Сирия армиясына тиесілі қару-жарақ қоймаларына зымырандық соққылар жасады, деп хабарлайды Todayinfo порталы. Al Hadath телеарнасының куәгерлерге сілтеме жасап хабарлауынша, Эль-Кисв

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Израиль ұшақтары Дамаск маңындағы қару-жарақ қоймаларына соққы берді
Фото: Alert5 (ru.wikipedia.org) Израильдің әскери ұшақтары Дамаскінің оңтүстік-батысындағы бұрынғы Сирия армиясына тиесілі қару-жарақ қоймаларына зымырандық соққылар жасады, деп хабарлайды Todayinfo порталы. Al Hadath телеарнасының куәгерлерге сілтеме жасап хабарлауынша, Эль-Кисва маңында қуатты жарылыстар болған. Зардап шеккендер мен материалдық шығындар туралы ақпарат әлі түскен жоқ. 4 қаңтарда Израиль әскері Латакия маңындағы әскери нысандарды бомбалаған. 3 қаңтарда Алеппоның Эс-Сафира ауданындағы қорғаныс кәсіпорындары мен оқ-дәрі қоймаларына, сондай-ақ Эс-Сувейда провинциясындағы Хальхаль әскери әуежайына әуе шабуылдары жасалған.

Ұқсас материалдар

Израиль ұшақтары Дамаск маңындағы қару-жарақ қоймаларына соққы берді · Todayinfo