Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

«Халықты қызылсирақ қылып тонаған»: танымал журналист олигарх Қайрат Боранбаевты футболға бола көтермелемеуді айтып, оның қарақшы қылмыскер екенін еске салды

Фото: коллаж Todayinfo.kz Белгілі журналист Серік Әбікенұлы «Қайрат» футбол клубының иесі, олигарх Қайрат Боранбаевты жер-көкке сыйғызбай мақтайтындарға қарсы пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz. Әбікенұлының айтуынша, «Қайраттың» «Реал Мадридпен» ойыны қазақстандық клубқ

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Халықты қызылсирақ қылып тонаған»: танымал журналист олигарх Қайрат Боранбаевты футболға бола көтермелемеуді айтып, оның қарақшы қылмыскер екенін еске салды

Фото: коллаж Todayinfo.kz

Белгілі журналист Серік Әбікенұлы «Қайрат» футбол клубының иесі, олигарх Қайрат Боранбаевты жер-көкке сыйғызбай мақтайтындарға қарсы пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Әбікенұлының айтуынша, «Қайраттың» «Реал Мадридпен» ойыны қазақстандық клубқа үлкен сабақ болған. Ол мадридтіктердің шеберлігі мен қысым көрсету тәсілдері «Қайрат» ойыншыларын әбден қыспаққа алғанын атап өтті. Журналист Шерханның жігерлі ойынын оң бағалап, басқа ойыншылардың қатесін сынға алды.

Сонымен қатар ол клуб иесі Қайрат Боранбаевты халықтың ақшасын футболға жұмсап жүріп, пайдасын көріп отыр деп айыптады.

«Қайрат Боранбаевтан Құдай жасауды қояйықшы. Халықты талаған топтың өкілі клубқа ата-бабасының ақ дорбасынан қаржы салған жоқ. Құйған ақшасынан кейін клубтан ақша сорғалады. Бұл – бизнес қана», – деді журналист.

Журналистің бұл сыны әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

Ұқсас материалдар

«Халықты қызылсирақ қылып тонаған»: танымал журналист олигарх Қайрат Боранбаевты футболға бола көтермелемеуді айтып, оның қарақшы қылмыскер екенін еске салды · Todayinfo