Todayinfo.kz
Шоу бизнесБарлық жазбаларды қарау

«Грэмми» жүлдесін алған Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталды

Фото: Facebook/AidaBalayeva «Грэмми» жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталды. Сондай-ақ Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы Съездің бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қар

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
«Грэмми» жүлдесін алған Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталды
Фото: Facebook/AidaBalayeva «Грэмми» жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталды. Сондай-ақ Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы Съездің бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова да марапатталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ал Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды.  Олардың кейбірі марапат табысталар сәтте елімізден тыс жерде болғандықтан, наградаларын уақытында ала алмады. Бүгін осы құрметті наградаларды өз отандастарымызға табыстау мен үшін айрықша мәртебе болды», - деп жазды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева желідегі парақшасында.

Ұқсас материалдар

«Грэмми» жүлдесін алған Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталды · Todayinfo