Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Елдің 14 облысында дабылды ескерту жарияланды

Фото: vlast.kz 8 қаңтарда 14 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкентте ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Астанада түнде кей уақытта қалың қар жауып, күндіз бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде оңтүстік

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Елдің 14 облысында дабылды ескерту жарияланды
Фото: vlast.kz 8 қаңтарда 14 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкентте ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
  • Астанада түнде кей уақытта қалың қар жауып, күндіз бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде оңтүстік-батысқа бұрылып, таңертең екпіні 15-20 м/с жетеді.
  • Алматыда түнде кей уақытта қалың қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады.
  • Алматы облысының тау бөктерінде және таулы аймақтарында кей жерлерде қалың қар жауады. Солтүстікте, оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні — 18-23 м/с.
  • Күндіз Абай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде кей жерлерде қалың қар жауып, боран болады. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с жетеді.
  • Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында түнде қалың қар жауады. Облыстың солтүстігі мен шығысында бұрқасын болады. Тұман түседі. Желдің екпіні — 15-20 м/с, түнде кей жерлерде 25 м/с жетеді.
  • Ақтөбе облысының солтүстігінде қар жауып, тұман түседі.
  • Атырау облысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
  • Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде кей жерлерде қалың қар жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде бұрқасын болады. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні — 15-20 м/с.
  • Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең 25 м/с жетеді.
  • Шығыста, Жетісу облысының таулы аймақтарында қалың қар жауып, тұман түседі, көктайғақ күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с дейін жетеді.
  • Батыс Қазақстан облысында түнде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Желдің екпіні — 15-20 м/с.
  • Қостанай облысында түнде бұрқасын, тұман күтіледі. Желдің екпіні — 15-20 м/с.
  • Қызылорда облысында түнде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Желдің екпіні — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 10-15 аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін.
  • Павлодар облысында қарлы боран соғады. Желдің екпіні — 15-20 м/с.
  • Солтүстік Қазақстан облысында түнде қарлы боран соғады. Облыстың шығысында тұман түседі. Желдің екпіні — 15-20 м/с.
  • Түркістан облысында ауа температурасы түнде 6-8 градус аязға дейін күрт төмендеп, түнде қар жауады. Желдің екпіні — 15-20, кей уақытта 23 м/с дейін жетеді.
  • Шымкентте түнде қар жауады, түнде желдің екпіні — 15-20, кей уақытта 23 м/с болады.

Ұқсас материалдар

Елдің 14 облысында дабылды ескерту жарияланды · Todayinfo