Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Қазақстан азаматтарының деректері интернетте сатылымға шықты

Астана және Алматы қалаларында Қазақстан азаматтарының жеке деректерін заңсыз жинау және таратуға күдікті бір топ адамның әрекетіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен. Тергеу деректері бойынша, схемаға қатысушылар интернетте жеке ақпаратты алып, сатқан.

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Қазақстан азаматтарының деректері интернетте сатылымға шықты

Астана және Алматы қалаларында Қазақстан азаматтарының жеке деректерін заңсыз жинау және таратуға күдікті бір топ адамның әрекетіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен.

Тергеу деректері бойынша, схемаға қатысушылар интернетте заңсыз жолмен алынған жеке ақпаратты алып, сатқан. Сатып алушылар ретінде микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың жекелеген өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болған.

Жүргізілген тінтулер барысында компьютерлік техника, электронды ақпарат тасығыштар, ірі көлемдегі ақша қаражаты және басқа да заттай дәлелдемелер алынды.

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің бірқатар баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Өзге ақпарат заңнамаға сәйкес жария етуге жатпайды.

Фото: ҰҚК

Ұқсас материалдар

Қазақстан азаматтарының деректері интернетте сатылымға шықты · Todayinfo