Чилиде таңғалып отыр: жергілікті жұлдыз Томас Джонс Қызылорданың «Қайсарына» ауысты
Чилилік AS.com Томас Джонстың Қызылорданың «Қайсарына» ауысуын сирек әрі күтпеген қадам деді. Ол клуб тарихындағы алғашқы чилилік ойыншы.

Чилилық футбол шолушылары Томас Джонстың Қазақстанға келуін күтпеген қадам деп бағалады. Оң қапталда ойнайтын 28 жастағы вингер енді Қызылорданың «Қайсарында» өнер көрсетеді.
Бұл туралы Todayinfo порталы хабарлайды.
AS.com-ның чилилік редакциясындағы шолушы Бастиан Арриаса бұл ауысымды «Чили үшін ерекше жағдай» деп атады. Оның айтуынша, соңғы жылдары жергілікті ойыншылардың Қазақстан бағытын таңдауы өте сирек кездеседі.
«Қайсардың» баспасөз қызметі Джонспен келісімшарт жасалғанын ресми түрде жариялады. Ең қызығы — бұл «қасқырлар» тарихындағы Чилиден келген алғашқы футболшы.
Ал Томас Джонс үшін бұл келісім мансабындағы тұңғыш шетелдік тәжірибе болмақ. Бұған дейін ол тек Чили клубтарында ойнап, «Барнечеа», «Магалланес», «Санта Крус» және «Копиапо» сапында доп тепкен.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Снявших ролик в общественном туалете астанчан привлекли к ответственности
Жаннұр Еділбаева·