Todayinfo.kz
AQORDAБарлық жазбаларды қарау

Бүгін Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалатын жиын санаулы с

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Бүгін Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалатын жиын санаулы сәттен кейін басталады. Жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады. Премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің, Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің, бірқатар өңір әкімдерінің баяндамалары тыңдалады. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейінгі Үкімет отырысында туризмді дамыту мәселелері талқыланып, 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы бекітілген еді.

Ұқсас материалдар

Бүгін Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді · Todayinfo