Бүгін – Халықаралық қарттар күні
Фото: aqshavmnews.kz Бүгін, 1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Атаулы мереке 1990 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен жыл сайын атап өтіледі. Бұл күн тек күнтізбеде белгіленген дата емес, ұлттың өткенін қадірлеу мен болашағын бағалау үшін еске салынатын ерекше сәт. Өй

Фото: aqshavmnews.kz
Бүгін, 1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Атаулы мереке 1990 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен жыл сайын атап өтіледі. Бұл күн тек күнтізбеде белгіленген дата емес, ұлттың өткенін қадірлеу мен болашағын бағалау үшін еске салынатын ерекше сәт. Өйткені аға буын – тарихтың тірі куәгері, елдің рухани діңгегі, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Қазақ халқы ежелден үлкенді сыйлауды өмір салтына айналдырған. «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Қарияның бір ауыз ақылы, өмірлік тәжірибесі – кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар. Сондықтан бұл күн бізге қарттарға құрметтің тек мерекелік ресмилік емес, күнделікті өмірлік дәстүр болуы тиіс екенін еске салады.
Бүгінде Қазақстанда зейнеткерлер үшін түрлі әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Елордада ашылған «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары», өңірлерде қолға алынған клубтар мен секциялар қариялардың бос уақытын тиімді өткізуге, денсаулығын нығайтуға, қоғаммен араласуына мүмкіндік беріп отыр. Мұндай жобалар олардың өмірге деген құштарлығын арттырып, әлеуметтік оқшауланудан сақтайды.
Алайда қарттарға жасалатын ең үлкен көмек – тек мемлекеттік қолдау емес, отбасының жылуы. Немере сүйіп, балаларымен бірге болу, шаңырақтағы сыйластық – олар үшін ешбір әлеуметтік жеңілдікпен салыстыруға келмейтін бақыт.
Халықаралық қарттар күні – әрқайсымызға ата-әжелеріміздің алдындағы парызымызды еске салар күн. Бүгін ғана емес, әр күні қарттарымызға көңіл бөліп, қолдау көрсетіп жүрейік. Өйткені бүгінгі қарт – кешегі жас, ал ертеңгі күннің қарты – бүгінгі біз.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Амнистия может затронуть почти 3 тысячи женщин, включая более 200 матерей несовершеннолетних детей и беременных
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақмыс Ұлытауға инвестиция салуда: Руслан Өскенәлі әлеуметтік нысандар құрылысының барысын тексерді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Казахмыс инвестирует в Ұлытау: Руслан Өскенәлі проверил ход строительства социальных объектов
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Правительстве состоялось первое заседание Совета по развитию инноваций
Жаннұр Еділбаева·